Accessibility links

Ауғанстан: АҚШ тәліптерге қарсы соғыса береді


Бейсенбі күні Кабулда АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс келесі жылдың жазында Ауғанстандағы АҚШ әскерлерін қысқарту басталғаннан кейін де Америка әскерлері тәліптерге қарсы соғысын жалғастыра беретінін мәлімдеді.

2010 жылы АҚШ президенті Барак Обама тәліптерге қарсы соғысқа жаңа дем беру үшін Ауғанстанға 30 мыңдық қосымша әскер жіберген болатын. Сонымен бірге Обама Ауғанстаннан АҚШ әскерлерін шығара бастаудың да мерзімін белгіледі. Ол шара 2011 жылдың жазында басталады.

Ауғанстандағы халықаралық коалицияның әскерлері 150 мың адамды құрайды.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG