Accessibility links

Иранда «Иерусалим күні» шерулері өтіп жатыр


Жұма күні Иранда ресми биліктің ұйымдастыруымен Израильге қарсы жаппай наразылық шеруі өтіп жатыр.

Палестина халқымен ынтымақтастықты білдіретін «Иерусалим күні» деп аталатын осы күні көшелерге миллиондаған адам шығатын тәрізді.

Саяси оппозиция өз үзеңгілестерінің дербес шеруін өткізетін жоспарын жариялаған жоқ. Бірақ «Иерусалим күні» қарсаңында ресми билікке жақын әскерлендірілген «Басидж» тобының мүшелері оппозиция көсемдерінің бірі – Мехди Каррубидің үйіне шабуыл жасады.

Осындай бір шабуылдың барысында Каррубидің оққағарларының басшысы жараланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG