Accessibility links

АҚШ-та қазақ студентіне айып тағылды


Қазақстанның сыртқы істер министрлігі АҚШ-та қазақ студенті Жандос Бақытбекұлына кәмелетке толмаған 2 қыз баланы нәпсіқорлықпен мазалады деген айып тағылғанын растады.

Министрліктің баспасөз-қызметінің жетекшісі Ильяс Омаров студенттің адвокатын сілтей отырып, Жандостың аттракциондар саябағында жұмыс істегенін және оның міндеті – жұртқа аттракционнан түсуге көмектесу болғанын хабарлады.

Аттракционнан түсуге Жандос көмек берген 2 қыз баланың ата-анасы қазақ студентін қыздарына нәпсіқорлықпен тиісті деп айыптапты.

Ж.Бақытбекұлы АҚШ-қа «Уорк энд Трэвел» бағдарламасы бойынша барған. Қазір ол өз кінәсін жартылай ғана мойындапты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG