Accessibility links

Ресей мен Әзірбайжан президенттері келіссөз өткізді


Мәскеу мен Баку мемлекеттік шекара туралы және Ресейге сатылатын Әзірбайжан газының көлемін ұлғайту туралы келісімдерге келді.

Бұл құжаттарға жұма күні екі елдің президенттері Дмитрий Медведев пен Илһам Әлиевтің қатысуымен қол қойылды.

Газ келісіміне сәйкес, Ресейдің «ГазПром» компаниясына сатылатын көгілдір отынның көлемі биыл 1,5 миллиард текше метрге дейін, ал келесі жылы одан екі есеге дейін ұлғайтылады.

Тараптар сонымен қатар трансшекаралық Самур өзенін пайдалану мен қорғау жөніндегі келісімге келді.

Медведев пен Әлиевтің келіссөзінде, сондай-ақ, Таулы Қарабақ проблемасы мен өзге де халықаралық проблемалар талқыланды.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG