Accessibility links

Пәкістанда соңғы 3 күнде екінші ірі қастандық жасалды


Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Кветта қаласында жанпидашыл-қаскүнем жұма күні жүзеге асырған жарылыстан кем дегенде 22 адам қаза болып, тағы ондаған кісі жараланды.

Қастандық жарылыстан шиит мұсылмандардың шарасына қатысушылар қаза тапты. Бұл Пәкістандағы соңғы үш күн ішіндегі екінші ірі қастандық. Сәрсенбі күні Лахор қаласында 33 діндәр көз жұмды – олар да шийттер болатын. Бұл қастандықты пәкістандық тәліптер өз мойнына алды.

Бақылаушылардың атап көрсетуінше, өткен айда бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан кешіп, миллиондаған адам баспанасыз қалған елде экстремистер ахуалды одан әрі ушықтыра түсуді көздеп отыр.
XS
SM
MD
LG