Accessibility links

Пәкістан: Кветтадағы қастандықтан 40 адам қаза тапты


Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Кветта қаласында жанпидашыл-қаскүнем жұма күні жүзеге асырған жарылыстан 40-тан астам адам қаза болды.

Қастандық жарылыстан шийт мұсылмандарының шарасына қатысушылар қаза тапты. Бұл Пәкістандағы соңғы үш күн ішіндегі екінші ірі қастандық.

Сәрсенбі күні Лахор қаласында шамамен 35 діндәр көз жұмды – олар да шийттер болатын, тағы 300-дей кісі жараланды. Бұл қастандықты пәкістандық тәліптер өз мойнына алды.
Б
ақылаушылардың атап көрсетуінше, өткен айда бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан кешіп, миллиондаған адам баспанасыз қалған елде экстремистер ахуалды одан әрі ушықтыра түсуді көздеп отыр.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG