Accessibility links

Халықаралық елдер Пәкістандағы шабуылдарды айыптады


Пәкістанда осы аптада болған қанды шабуылдарды халықаралық қауымдастық айыптап отыр. Жұма күні Кветта қаласындағы шийттер шеруі кезінде болған жарылыстан 65 адам қаза тапты.

Бұл шабуылға жауапкершілікті талибандар алып, алдағы уақытта Еуропа Одағы мен Құрама Штаттарға да шабуылдар жасайтынын айтты. Сәрсенбі күні Лахор қаласында шийттердің жиынына қарсы шабуыл болып, ондаған кісі құрбан болды.

БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун жұма күні бомбалық шабуылдарды айыптады. Ақ үй мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы мен Пәкістан су тасқыны апатына тап болып отырғанда осындай жарылыстар жасалып жатқанын қатты сынайтындықтарын айтты.
XS
SM
MD
LG