Accessibility links

ЕҚЫҰ саммиті алдында Астанада қауіпсіздік шаралары күшейеді


Сенбі күні Астанада құқық қорғау органдары қоғамдық қауіпсіздік шараларын күшейтуге бағытталған шапшаң-профилактикалық шаралар жүргізе бастады.

Қауіпсіздік шаралары желтоқсанның 1-2 күндері Астанада өтетін ЕҚЫҰ-ның саммиті қарсаңында қолға алынып отыр деп қалалық жол көлік басқармасының баспасөз қызметі хабарлаған.

Жол полициясы, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы және арнайы бекітілген отрядтар қосылып, бірлескен рейдтер жүргізбекші. Сенбі күнгі ол шараға аталған саланың 120 қызметкері тартылған.
XS
SM
MD
LG