Accessibility links

Албания президенті Сербияның Косово туралы қарарына қарсы шықты


Албания президенті Бами Топи БҰҰ Бас ассамблеясына мүше елдерді Косовоның жариялаған біржақты тәуелсіздігін қолдауға шақырып, Сербияның қарарын қабылдамауға үндеді.

БҰҰ-на мүше елдерге жолданған хатында Албания президенті Сербияның Косово тәуелсіздігіне қарсы қарары Балқан елдерінің тұрақтылығы мен бейбіт ахуалына кері әсер етуі мүмкін деген.

Нью-Йорктегі Бас ассамблеяның отырысына жолдаған Сербия қарары 2008 жылы жарияланған Косово тәуелсіздігін қабылдамауға шақырады. АҚШ пен қатар 70 шақты ел этникалық албандар басым тұратын Косово тәуелсіздігін мойындаған болатын.
XS
SM
MD
LG