Accessibility links

Соғысқа қарсы шерушілер Тони Блэйрге аяқ киімдерін лақтырды


Бүгін Дублинге барған Британияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэйрге соғысқа қарсы шерушілер аяқ киімдері мен жұмыртқа лақтырды. Ол өзінің соғыс туралы естелік кітабы жарыққа шыққаннан бері Ирландия астанасында қоғамға бірінші рет көрінген еді.

Наразылық шарасына қатысушылар Блэйрді 2003 жылғы Ираққа қарсы соғысты қолдағаны үшін айыптап, “оның қолы қан” деп айқайлады.

Блэйр өзінің мемуарында үкіметтегі бұрынғы саясатын қатты қорғаған. Оның кітабы жарыққа шыққан 1-ші қыркүйектен бері тез сатыла бастаған.
XS
SM
MD
LG