Accessibility links

Молдовада конституция бойынша референдум өтуде


Бүгін молдовандықтар тікелей президенттік сайлау өткізу жөнінде конституциялық өзгерістер бойынша референдум өткізіп жатыр. Дауыс берулер жергілікті уақытпен таңғы 7-ден кешкі сегізге дейін жалғасады.

Бұл референдум осыдан бір жыл бұрын елдің коммунистік президенті Владимир Воронин биліктен кеткеннен бері мемлекет басшысынсыз қалған Молдовадағы саяси дағдарысты шешуге бағытталған.

Заңшығарушы орган бірнеше рет әрекет етіп, елдің президентін таңдау үшін 61 дауыс жинай алмады. Сонымен қоса парламент қабылдаған заңдар ел президентінің қолы қойылмағандықтан күшіне ене алмай қалды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG