Accessibility links

Беларусь белсендісінің өліміне не себеп болғаны анықталады


Адам құқығын қорғаушы белсенділер сот сараптамасы жұма күні мәйіті табылған Беларустің оппозициялық белсендісі Олег Бебениннің өліміне не себеп болғанын анықтайтын болады деп отыр.

Бұл туралы Бебениннің өзі де құрылтайшысы болған “Хартия 97” құқық қорғаушы тобының өкілі жексенбі күні германиялық ақпарат құралдарына айтқан.

Бебениннің денесі Минскіден алыс емес оның саяжайынан табылған. Елдің Ішкі істер министрлігі оның өліміне себеп болған айғақтар таппағанын айтты.

Бебенин Беларусь еліндегі тәуелсіз “Имя” газеті редакторының орынбасары болған. 1998 жылы Бебенин құрған charter97.org вебсайты президент Александр Луакшенко билігін сынап келген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG