Accessibility links

Таулы-Қарабахтағы қақтығыста 2 әзірбайжандық әскер мерт болды


Таулы-Қарабах жікшіл аймағында болған атыстарда Әзірбайжанның 2 сарбазы қаза тапты. Арменияның қолдауындағы Таулы-Қарабах армиясы бұл сенбі күні әзірбайжандықтардың саботажына жауап ретінде жасалған өз әскерінің соққысы екенін айтты.

Әзірбайжанның Қорғаныс министрлігі өз әскерінің шығынын растады. Таулы-Қарабах аймағында екінші апта қақтығыстар жалғасып келеді.

Сейсенбі күні Әзірбайжан өзінің екі сарбазы мен үш армениялық әскер қаза болғанын хабарлаған. Бірақ Таулы Қарабахтағы армениялық күштер осы қақтығыста өздерінен шығын болмағанын айтты.
XS
SM
MD
LG