Accessibility links

Тәжікстанда жарылысқа қатысты екі күдікті ұсталды


Тәжікстан астанасы Душанбеде бүгін түнде болған жарылысты ұйымдастыруы мүмкін деген екі адам ұсталды. Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, жарылысқа қатысты "терроризм" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Душанбенің түнгі клубтарының бірінде болған жарылыстан кем дегенде жеті адам зардап шегіп, екі адам ауруханаға жатқызылды.
XS
SM
MD
LG