Accessibility links

Қазақстанда балаларды полиомиелитке қарсы иммундау басталды


Бүгіннен бастап Қазақстанда 6 жасқа дейінгі балаларға полиомиелитке қарсы қосымша бір реттік иммундау шарасы басталды.

Полиомиелитке қарсы иммундау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ЮНИСЕФ-тің қолдауымен 2 млн. доза вакцина сатып алды (ауызға құйылатын үш валентті полиомиелит вакцинасы Бельгияда шығарылады, оның өндірісі ДДҰ-мен сертификатталған), онымен 1,8 млн. бала егілмек.

Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес вакцинациялау сәби өмірінің 2, 3, 4 және 12-15 айларында жүргізіледі. Иммундау үшін кепілді сапасы бар ДДҰ сертификаттаған полиомиелитке қарсы вакцина қолданылады.
XS
SM
MD
LG