Accessibility links

АҚШ әскері Ирақтағы шайқасқа қатысты


31 тамызда АҚШ-тың Ирақтағы әскери миссиясының аяқталғаны ресми түрде жарияланса да, АҚШ жауынгерлері осы елдегі соғыс операциясына қатысты.

Өткен жексенбі күні бірнеше экстремист Бағдадтағы армия базасының аумағына оқ жаудырды. Оған тойтарыс беруге Ирақ әскерімен қатар, АҚШ жауынгерлері де атсалысты. Атыс барысында 12 адам оққа ұшып, кемінде 20 кісі жараланды.

Ирақта АҚШ-тың 50 мың жауынгерлік әскери құрамасы қалды. Ол әскер Ирақтың ұлттық армиясы мен қауіпсіздік күштерін жасақтап, жаттықтыруға, Ирақ үкіметіне көмек көрсетуге тиіс.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG