Accessibility links

Дағыстанда ауыр жараланғандар Мәскеуге жеткізілді


Дағыстанның Буйнак қаласындағы террорлық қастандықтан ауыр жараланғандар емделуге Мәскеуге жеткізілді. Ол туралы Ресейдің қорғаныс министрлігі хабарлады.

Соңғы дерекке қарағанда, Дағыстандағы Ресейдің 136-мотоатқыштар бригадасының «Дальний» полигонында болған жарылыстан 3 жауынгер мерт болып, 32 жауынгер жараланды. 15 жаралы Ростов қаласының әскери ауруханасына жеткізілген болатын.

Жексенбіге қараған түні бомбамен нақышталған автокөлік мінген жанпидашыл қаскүнем дала лагерінің аумағына бұзып өтпек болды. Автокөлік өзінің жолын бөгемек болған соғыс техникасымен қақтығысқан сәтте жарылыс болды.
XS
SM
MD
LG