Accessibility links

Пәкістанда кемінде 17 адам қаза тапты, ішінде балалар бар


Пәкістанның солтүстік-батысында жанпидашыл қаскүнемнің шабуылынан, соңғы дерек бойынша, кем дегенде 17 адам қаза тапты, 40-тан астам адам зардап шекті.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, қаза тапқандардың көпшілігі полицейлер. Бірақ олардың арасында балалар да бар сияқты. Өйткені, бомбамен нақышталған автокөлік Лаки-Марват қаласындағы полиция бөлімшесін соғып жарылудан бұрын, мектеп автобусын қағып үлгеріпті.

Бұл Пәкістанда жанпидашыл қаскүнемнің соңғы 7 күннің ішіндегі үшінші шабуылы болып отыр. Өткен аптада Лахор және Кветта қалаларындағы осындай қастандық шабуылдардан 100-ге тарта кісі құрбан болды.
XS
SM
MD
LG