Accessibility links

Минскі: Ресей елшілігіне шабуыл бойынша 6 кісі ұсталды


Беларус астанасында Ресей елшілігіне жасалған шабуылды тергеу барысында 6 адам ұсталды.

Минскі қалалық ішкі істер басқармасынан хабарланғандай, «өрт қойды» деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір ұсталғандардың осындай өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатқан көрінеді.

Тамыз айының соңында біреулер Ресей елшілігінің аумағына жағармай құйылған 2 шөлмек лақтырып, қызмет автокөлігі өртенген болатын.

Беларус оппозициясы бұл оқиғаға қатысы жоқтығын мәлімдеген болса, ресми билік оны «тәртіп бұзушылық» деп бағалады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG