Accessibility links

Ресей мен Израиль әскери ынтымақтастық орнатады


Ресей мен Израильдің қорғаныс министрліктері ұзақ мерзімді әскери ынтымақтастық жөнінде уағдаласты.

Екі елдің қорғаныс министрлері Анатолий Сердюков пен Эхуд Барактың Мәскеуде өткен келіссөзінің нәтижесінде тараптар осындай келісімге келді.

Кездесудің алдында А.Сердюков атап көрсеткендей, қазіргі заманның көптеген мәселесіне деген екі елдің көзқарастары бірдей немесе бір-біріне жақын. Ал екі елдің әскери саладағы ынтымақтастығы осы проблемаларға қарсы тұруға септігін тигізеді.

Өз кезегінде Э.Барак Ресейге де, Израильге де бітіспес ислам терроризмінің қатері төніп тұрғанын мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG