Accessibility links

Ауғанстан: Орталық банк Кабул банкті құтқаруға әзір


Дүйсенбі күні Ауғанстанның Орталық банкі күрделі жағдайда тап болған Кабул банкіне несие беруге дайын екенін мәлімдеді. Салымшылар Кабул банктен өз ақшаларын кейін алуын жалғасып жатыр.

Орталық банктің өкілі үкіметтің Кабул банкке 200 миллион доллар несие беру мәселесін мақұлдады деген хабарды теріске шығарды. Бірақ сонымен бірге ол егер Кабул банк сұрайтын болса, Орталық банктің оған несие беруге дайын екенін мәлімдеді.

Кабул банк – Ауғанстанның жеке-меншікті ірі банкінің бірі болып табылады. Соңғы бірнеше күнде банк банкротқа ұшырай ма деген үрей пайда болып, оның жүздеген клиенті банк бөлімшелерінен өз ақшаларын кейін қайтарып алу үшін кезекте тұр.

Үрей банктің ондаған миллион доллар инвестицияны саяси басшылыққа жақындығы бар қатерлі жобаларға беруінен туып отыр.

Ауған президенті Хамид Карзай мен оның министрлері және Орталық банк Кабул банктің банкротқа ұшырамайтнын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG