Accessibility links

Ауғанстан: кісі қолынан белгілі журналист мерт болды


Ауғанстанда белгілі тележуналист, журналистердің Ұлттық ассоциациясы төрағасының орынбасары Сайед Хамид Нұри кісі қолынан қаза тапты.

Дүйсенбі күні ауған полициясы хабарлағандай, пышақ салып өлтірілген 45 жастағы журналистің денесі жексенбі күні кешкісін Кабул іргесіндегі өз үйінен табылды. Бір хабар бойынша, оның басын кесіп алып кеткенге ұқсайды.

Қаза болған журналист мемлекеттік RTA телеарнасында бағдарлама жүргізіп келген.

Ол саясатпен де айналысып, президент Хамид Қарзайдың саяси бақталастарына жақын болған көрінеді.
XS
SM
MD
LG