Accessibility links

Қырғыз президенті рақымшылық жариялады


Қырғызстан президенті экономикалық және қызмет бабы бойынша айып тағылғандарды қылмыстық жауапкершіліктен босатты.

Бірақ, Роза Отынбаева қол қойған рақымшылық туралы жарлықта мемлекетке келтірген шығындарын өтеген айыпкер ғана қылмыстық қудалаудан босатылатыны айтылады.

Рақымшылық туралы жарлық 1 қазанға дейін күшінде болады және жарлық бұрынғы президенттер - Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиевтің жақын маңайындағыларды да қамтиды.
XS
SM
MD
LG