Accessibility links

АҚШ-та қазақ студенті кепілдікке босатылды


АҚШ-та бойжетпеген 2 қыз баланы нәпсіқорлықпен мазалады деп айыпталған қазақ студенті осы іс бойынша келесі сот тыңдауына дейін кепілдікке босатылды, деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігі баспасөз-қызметінің жетекшісі Ильяс Омаров.

Оның мәліметі бойынша, Жандос Бақытбекұлы 2 қыркүйек күні 1,5 мың доллар кепіл ақшаға босатылыпты. Келесі сот тыңдауы 30 қыркүйекте өтуге тиіс. Қазақстанның АҚШ-тағы консулдығы студентті қорғау үшін жеке адвокатты жалдаған.

20 жастағы қазақ студенті АҚШ-та студенттермен алмасу бағдарламасы бойынша ойын-сауық саябағында жұмыс істеп келген. Оған нәпсіқорлық зорлық істеді деген айып тағылды. Жандос өзінің кінәсін жартылай мойнына алыпты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG