Accessibility links

Сербия мен Хорватия жаңа байланыс желісін ашты


Сербия мен Хорватияның полиция мекемелері өзара бейнебайланыс желісін орнатты.

Сербияның ішкі істер мнистрі Ивица Дачич мәлімдегендей, жаңа байланыс желісі әлдеқайда тез ақпарат алмасып отыруға көмектеседі.

Дүйсенбі күні серб министрі өзінің хорват әріптесі Томислав Карамаркомен байланысып, жаңа байланыс желісінің мүмкіндігіне көз жеткізді.

Сербия мен Хорватия Еуропа Одағына кіруге ұмтылып отыр. Екі ел өз аймағындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы бірлескен күреске жаңа технологиялар көмек береді деп мәлімдейді.
XS
SM
MD
LG