Accessibility links

Ауғанстандағы АҚШ қолбасшысы Құранды өртемек болған әрекетті айыптады


Ауғанстандағы АҚШ әскери басшылығы Флоридадағы шағын шіркеудің Құранды өртейміз дегені америкалықтардың бәріне қауіп төндіреді дейді. Шіркеу өкілдері исламды «зорлықшыл, жазалаушы дін» деген болатын.

Ауғанстандағы НАТО және АҚШ күштерінің қолбасшысы Дэвид Петреус мұсылмандардың қасиетті кітабын өртеу АҚШ-қа тек ауған елінде ғана емес, бар әлемде «зор кесірін тигізеді» деп мәлімдеді. Кабулдегі АҚШ елшілігі де бұл шараны айыптады.

Шіркеу бұған дейін 11 қыркүйекте - 2001 жылы Нью-Йоркте апат болған күні - террористер құрбандарын еске алу үшін Құранды өртейтіндіктерін мәлімдеген. Дүйсенбі күні, 6 қыркүйекте Кабулде жүздеген адам Құранды өртемек болғандарға қарсылық шарасын өткізді.
XS
SM
MD
LG