Accessibility links

Дж.Гиллард – Аустралия премьері болып қалды


Аустралияда премьер-министр лауазымында Джулия Гиллард қалады. Гиллард ханым парламенттегі тәуелсіз әрі шешуші екі депутаттың қолдауына ие болды.

Осылайша Аустралиядағы бірде-бір саяси күштің айқын басымдығын анықтай алмаған парламент сайлауынан кейін екі апта уақыт жалғасқан саяси талас-тартыс аяқталды.

Бұдан былай 150 мандатты парламентте Джулия Гиллардтың Лейбристік партиясының либерал Тони Эббот бастаған коалициядан 1 дауысы артық болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG