Accessibility links

Ауғанстанда тәліптер аудан әкімін өлтіріп кетті


Ауғанстанда тәліптер елдің солтүстігіндегі Бағлан өлкесінің бір аудан әкімін өлтіріп кетті. Әкімнің автокөлігі тосын шабуылға тап болды. Шенеунектің автокөлік жүргізушісі де оққа ұшты.

Тәліптердің өкілі кісі өлтіргені үшін жауапкерлікті өз мойындарына алатынын мәлімдеді.

Әдетте Ауғанстанның оңтүстігі мен шығысында белсенді әрекет ететін тәліптер соңғы уақытта елдің айтарлықтай тыныш солтүстік және батыс өлкелерінде де жиі шабуыл жасайтын болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG