Accessibility links

Астана: БҰҰ-ның өкілі үлескерлермен кездеседі


БҰҰ-ның баспананың жеткіліктілігі бойынша арнаулы баяндамашысы Ракель Рольник сейсенбі күні кешкісін Астанада үлескерлермен кездеседі.

Р.Рольник Қазақстанда 13 қыркүйекке дейін болады. Осы күні ол БҰҰ-ның Астанадағы өкілдігі кеңсесінде өз сапарының нәтижелеріне арнаған баспасөз-маслихатын өткізуді жоспарлап отыр.

8 күндік сапарының барысында тәуелсіз сарапшы үкімет пен жергілікті билік өкілдерімен және азаматтық қоғам қайраткерлерімен кездеседі. Мақсаты – лайықты баспанаға деген құқықты жүзеге асыру жолындағы Қазақстанның қол жеткізген жетістігін талқылау.

Сапар кезінде жинаған мәліметтері негізінде Ракель Рольник баспанаға деген құқықтың іске асырылуы бойынша өз қорытындысы мен кеңестері айтылатын баяндама жасап, ол 2011 жылдың наурызында БҰҰ-ның адам құқы бойынша Кеңесіне ұсынылады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG