Accessibility links

Өзіне өзі қол салудан Жапония зор шығын көтереді


Өткен жылы Жапония өз азаматтарының ішіндегі өзіне өзі қол салып өлу толқыны мен депрессияның салдарымен күресу үшін бюджеттен 32 миллиард доллар қаржы жұмсады.

Күншығыс елі үкіметінің бастапқы есебі бойынша, 32 миллиард доллар сомаға депрессияға ұшыраған адамдарды емдеуге жұмсаған шығындар, әлеуметтік төлемдер, депрессиядан емделіп жатқандар мен өзіне өзі қол жұмсап өлгендердің отбасыларына төленген өтемақылар кіреді.

Күншығыс елінің халқы қазір шамамен 127 миллион адамды құрайды. Бірақ өзіне өзі қол жұмсап өлгендердің саны жағынан Жапония әлемде алдыңғы орындарда келеді.

Өткен жылы Күншығыс елінде 33 мыңға жуық адам өзіне өзі қол салып қаза болды.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG