Accessibility links

Қазақстанда өткен тәулікте сегіз өрт болды


Қазақстанда өткен тәулікте сегіз өрт болып, барлығы 3 мың гектарға жуық далалы алқабы өртке оранды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.

Атап айтқанда, Ақмола облысында - 60, Ақтөбеде - 1300, Батыс Қазақстанда - 991, Павлодарда - 250, Солтүстік Қазақстанда - 45 және Оңтүстік Қазақстанда - 190 га алқап күлге айналды. Ірі өрттер Ақтөбе облысында болған. орын алды.

Ақпаратқа қарағанда төтенше оқиғалар салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG