Accessibility links

«Астана» велокомандасы тағы толықты


Француз Реми Ди Грегорио мен аустриялық Саймон Кларк «Астана» велокомандасымен 2011 жылдың маусымына арналған келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.

25 жастағы Реми Ди Грегорио Тур де л'Авенир-2006 сатысында алғаш рет өзін жоғары деңгейде көрсеткен. Француз веложарысының жас жұлдызы про-турдың таулы сатысында «Астана» командасы көшбасшыларының қатарын көбейтеді деп күтілуде.

Ал Саймон Кларк 2008 жылы, 22 жасында «Австралия үміті» атағына ие болған. 2009 жылдан бері Италияның қазіргі чемпионы, ISD-Neri командасында өнер көрсетіп келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG