Accessibility links

Әлем чемпионатында қазақ балуандары алғашқы медальдерді алды


Мәскеуде өтіп жатқан грек-рим, еркін және әйелдер күресінің Әлем чемпионатында қазақстандық балуандар 2 қола жүлдеге қол жеткізді.

Бүгін енді 74 келіде бақ сынайтын Роман Мелешин кілемге көтеріледі. Жартылай сында 2008 жылғы Олимпиада чемпионы кубалық Михаю Лопезге есе жіберген Нұрмахан Тінәлиев (120 кг) қола жүлде үшін болған күресте чехиялық Марек Свечті ұтты. Алмат Кебіспаев (60 кг) болса болгариялық Иво Ангеловтан басым түсті.

Қыркүйектің 6-сы күні басталған жарыста алдымен грем-рим күресінің шеберлері сынға түсіп жатыр.
XS
SM
MD
LG