Accessibility links

Халың қалай, ана тілі оқытушылары


Мейіржан Әуелханұлының блогынан алынған сурет
Мейіржан Әуелханұлының блогынан алынған сурет
Қытайдағы қазақ мектептерінің жағдайы туралы бұрын да там-тұмдап айтылып жүрген болатын. Сол айтылып жүрген кездер қазір ертегіге айналды. Неге дейсіз ғой?

Дәл биылғы оқу маусымынан бастап Шин Жяңдағы қазақ ұлты жиі қоныстанған аудандардың барлық мектептері қос тіл саясаты бойынша оқыту жобасын қолға алды. Яғни, барлық сабақтар қытай тілінде жүргізіліп, тек әліппе, ана тілі, әдебиет сабақтары ғана қазақ тілінде болады деген сөз.

Жер-жердегі қазақ мұғалімдерінің жұмыссыз қалуы да белең бере бастады. Себебі, қытай тілінде оқытушылық жұмысын жалғастыруға мүмкіндігі жеткіліксіз ұстаздар 80% мөлшерінде. Бұл – жергілікті саясат бойынша мұғалімдікке жарамсыздық болып есептеледі. Мектептің тазалық, күзет сынды жұмыстарына ғана жараған қазақ азаматтары алаңдаушылығын білдіріп, «Сен – қазақ» сайтында үндеу де жасаған. Үндеу соңына қалдырылған әр жер, әр аймақтағы ұстаздар қауымының пікіріне жүгінсек қазанның құлағы қайда барсаң да төрт болып тұрғаны аңғарылады.

Кей жерде үшінші сыныптан бастап, кей ауыл-аудандарда бесінші сыныптан бастап әліппе, ана тілі сабақтары жүргізіледі екен. Кісіні алаңдататын тағы бір жағдай, сол үшінші, бесінші сыныптардың әліппесі мен ана тілі сабақтарын сол мамандық болйынша университет тәмәмдаған оқытушылар емес, жергілікті мектепте сурет, музыка, дене тәрбиесі қатарлы сабақтарды беретін санаулы ғана мұғалімдер оқытатын болған. Мұндай ұстаздың алдын көрген өспірімдердің әліпті таяқ деп білмейтіндері аткөпір екені де анықтала бастады.

«Бек ұлымыз құл, пәк қызымыз күң» болудың ауылы да алыс емес екенін аңдатқан ағаларымыздың өзі шарасыздығын танытып отыр. «Тек қана айта-айта ауызда сөз, жылай-жылай көзде жас қалмаған дәрменсіздік ішті удай ашытады» дейді ағалар.

Сурет: www.baidu.com

http://kazprose.wordpress.com
XS
SM
MD
LG