Accessibility links

Пәкістанда зымыран шабуылынан 4 адам қаза тапты


Пәкістанның қауіпсіздік өкілдері елдің Ауғанстанмен шекаралас аймағында АҚШ-тың зымыран соққысынан кемінде 4 бүлікші қаза тауып, бесеуі жараланды деп хабарлады.

Ресми өкілдердің айтуынша, зымыран шабуылы Солтүстік Вазиристанның тайпалы ауылындағы бір үйді нысанаға алған. Бұл әуе соққысы соңғы алты күннің ішіндегі бесінші шабуыл болып отыр.

Бұл аймақ талибандар мен әл-Қаида жасақтарының мекені деп саналады.
XS
SM
MD
LG