Accessibility links

Бүгін мұсылмандардың ең қасиетті мерекелерінің бірі – Айт басталды


Бүгін, қыркүйектің 9-ы күні Ораза айт мерекесі басталды. Осыған орай Қазақстанның барлық мешіттерінде бейсенбі таңертең айт намазы оқылды.

Айт сөзі - «мереке», «мейрам» деген ұғымды білдіреді.

Айт мерекесі Рамазан айынан кейін келетін - Шәууәл айында атап өтіледі. Мұхаммет пайғамбар (с.ғ.с.) өз үмбеттерін шәууәл айында да ораза тұтуға үндеп, оның сауабының молдығын айтқан. Ол: «Кімде-кім Рамазанды оразамен өткізіп, бұдан кейін шәууәл айында алты күн ораза ұстаса, жыл бойы ораза ұстағанмен бірдей», - деген. Шәууәл айының оразасын сол айдың ішінде кез-келген күні ұстауға болады. Оны қатарынан үзбей немесе күндерін үзіп-үзіп ұстауға болады. Бірақ айт өтісімен кезекпен толықтай ұстау - абзал.
XS
SM
MD
LG