Accessibility links

Павлодар облысында өрттен бес адам көз жұмды


Павлодар облысындағы Көкжал орман шаруашылығында болған өрттен бес адам қаза тауып, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Республиканың төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, орман шаруашылығы, "Ертіс-орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының Бесқарағай бөлімшесіне қарасты.

Өрт сәрсенбі күні түсте пайда болған, жалпы көлемі екі мың гектарды шарпыған.

Павлодар облысының Жабағлы ауылының 174 тұрғыны Шығыс Қазақстан облысындағы қауіпсіз жерге көшірілген.
XS
SM
MD
LG