Accessibility links

АҚШ елшіліктеріне қауіпсіздіктерін күшейтуді тапсырды


АҚШ мемлекеттік департаменті Флорида штатындағы шіркеудің сенбі күні Құран кітабын өртеу жоспарына байланысты Американың елшіліктеріне өз қауіпсіздіктерін күшейтуді тапсырды.

Гейнсвилл қаласындағы 50 мүшесі ғана бар христиан шіркеуі мұсылмандардың қасиетті кітабын өртемеуге шақырған АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мен АҚШ-тың әскери басшылығын тыңдаудан бас тартты.

АҚШ билігі бұл шіркеудің 2001 жылғы 11-ші қыркүйектегі террорлық шабуылдардың 9 жылдығын Құранды өрттеп еске алу мұсылман елдерінің наразылығын тудырып, әлемде анти-американдық көңіл күй қалыптастырады деп алаңдап отырғанын білдірді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG