Accessibility links

Еуропа Одағы Сербияның Косово жайлы жаңа мәлімдемесін қоштады


Еуропа Одағының елдері Сербияның өзінен бөлініп шыққан Косоводағы этникалық албан жетекшілерімен диалог өткізу үшін Еуро Одақтың арағайындық жасауына шақырғанын оң қабылдап отыр.

БҰҰ-ның Бас ассамблеясына жолданған қарар жобасында Сербия біржақты тәуелсіздік жариялаған Косовоны айыптауға шақырғанын тоқтататынын білдірген.

Сербия үкіметі сондай-ақ Еуропа Одағының арағайындығымен Косовоның мәртебесіне қатысты келіссөздерді қайта бастауды қолдайтынын танытты. Бірақ Белград бұл қарары Косово тәуелсіздігін мойындау дегенді білдірмейтінін айтқан.

Сербия президенті Борис Тадич бұл қарар жобасын Еуропа Одағымен ымыраға келу ретінде түсіндіріп отыр. Сербия Еуропа Одағына қосылудан үміткер елдің бірі.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG