Accessibility links

Даниялық карикатурашы Германияның медиа сыйлығын алды


Мұхаммед пайғамбардың басына сәлде ретінде бомба тағып, келемеж қылған даниялық карикатурашы сәрсенбінің кешінде Германияның сөз бостандығы сыйлығын алды.

Шараны ұйымдастырушылар Курт Вестергаард баспасөз бен сөз бостандығын қолдап, пікірін еркін танытқаны үшін, өміріне төнген қауіп-қатерге қарамастан демократиялық құндылықтарды қорғағаны үшін лайық деп танылды деген.

Германия канцлері Ангела Меркель карикатурашыны марапаттау кезінде Вестергаардты мадақтап сөз сөйледі. 2005 жылы Вестергаардтың даулы карикатуралары мұсылман әлемінің наразылығын тудырған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG