Accessibility links

Владикавказдағы жарылысты жанкешті жасаған болуы мүмкін


Солтүстік Осетия президенті бүгін ел астанасындағы көлік жарылысын жанкешті жасаған болуы мүмкін деді. Президент Таймураз Мамсуровтың айтуынша, қала орталығындағы базарда болған қанды шабуылдан құрбан болғандар саны өсуі мүмкін.

Алдыңғы мәліметтерге қарағанда, жарылыстан қаза тапқандар саны 14-ке жетіп, 80-нен аса кісі жараланды.

Осыған дейін ақпарат құралдары адам көп жиналған базардың кіре берісінде көлік жарылысы болғанын хабарлаған.

Соңғы жылдары Владикавказда бірқатар бомбалық шабуылдар болып, ондаған адамның өмірін әкеткен еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG