Accessibility links

АҚШ-тың Пәкістандағы зымыран соққысынан 6 адам қаза тапты


Пәкістан билігінің айтуынша, АҚШ-тың зымыран шабуылынан бейсенбі күні 6 адам қаза тапты. Бұл соңғы 24 сағаттың ішіндегі 4-ші әуе соққысы Солтүстік Вазиристандағы Мираншах қаласының маңында болды.

Бұдан ертерек Ауғанстанмен шекаралас Куррам тайпалы ауданында жол бойына қойылған бомба жарылысынан кемінде 9 адам құрбан болған. Аймақтың ресми өкілдері жарылыс азшылық шийттер мен сүнниттер арасындағы жікшілдік қақтығыстан болды деп отыр.

Бейсенбі сондай-ақ, Кветта қаласындағы бомба жарылысынан кемінде екі адам опат болған.
XS
SM
MD
LG