Accessibility links

Павлодар: өрт құрбандарының туыстары көмек алады


Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев өрт құрбандарының туыстары мемлекет тарапынан бір миллион теңге қаражат көлемінде көмек алып, жерлеу шығынын мемлекет көтергенін мәлімдеді.

Облыстағы табиғи өрт салдарынан алты адам қаза тапқан еді.

Оның сөзінше, жанып жатқан орман шетіндегі өртті сөндіру үшін қызметтік міндетін орындау барысында Бесқарағай орман шаруашылығының директоры Ержан Байкетаев пен орман шаруашылығының тракторшысы Николай Самусь, шаруашылықтың жұмысшысы Еренғайып Молдажанов қаза тапты.

Одан өзге, жанып жатқан орман арасынан көлікпен шыға алмай қалған бір отбасы зардап шекті. Ұлдары мен әкесі қаза тапты, анасы ауруханада жатыр.
XS
SM
MD
LG