Accessibility links

Иран сенбі күні АҚШ азаматын босатады


Иран билігі, сенбі күні өткен жылы ұсталған АҚШ азаматы Сара Шурдты босататындығын мәлімдеді. Бұл туралы елдің мәдениет министрлігі өкілі хабарлады.

Өткен жылы Иранның солтүстігінде үш америкалық азамат - Джош Фатал, Шейн Баур және Сара Шауд , ел территориясына заңсыз кіргендігі үшін ұсталған болатын. Кейін Иран билігі оларды "тыңшылық" жасады деген айыппен сотта жауап беретіндігін жеткізді. Ұсталғандар болса, өздерінің саяхаттап жүріп, Иран шекарасын абайсызда кесіп өткендігін айтады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG