Accessibility links

Владимир Ни көз жұмды


Қазақстан президентімен көп жыл қызметтес болған, ХОЗУ корпорациясын басқарған Владимир Ни 78 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды, деп хабарлайды КазТАГ агенттігі.

Ақпаратқа қарағанда, Ни Швейцария емханаларының бірінде жергілікті уақыт бойынша бейсенбі күні түнгі сағат 22-де көз жұмған. Марқұмның денесі Алматыға сенбі күні таңғы сағат 5-те жеткізіледі. Жерлеу рәсімі келесі аптада өтеді.

Владимир Ни әр жылдары Қазақ ССР министрлер кеңесі төрағасының көмекшісі, президент аппараты жетекшісінің көмекшісі және Қазақстанның министрлер кабинетінің президент істері жөніндегі аппараттың жетекшісі қызметін атқарған.

"Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев", "Отан", "Құрмет белгісі" ордендерімен марапатталған.
XS
SM
MD
LG