Accessibility links

Карзай талибан жетекшісін бейбіт келіссөзге шақырды


Бүгін Ауғанстан президенті Хамид Карзай талибан жетекшісі Мулла Мохаммад Омарды соғысты тоқтатып, елдегі қақтығысты тоқтатуға бағытталған бейбіт келіссөзге қосылуға шақырды.

Карзай бұл туралы Ораза айт мерекесіне арналған үкімет жетекшілерімен кездесуінде айтты. Ол Омарды “өз бауырларын өлтіруді” тоқтатуға шақырды.

Өткен аптада ауған президенті тәліптермен бейбіт келіссөздер өткізетін Жоғары кеңес құрғанын мәлімдеген. Ал тәліптер жетекшісі Мулла Омар осы аптада Ауғанстанда жеңіске жетуге жақын қалғанын айтқан еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG