Accessibility links

2011 жылы медицина қызметкерлерінің жалақысы 30% өседі


Алдағы жылы медицина саласындағы қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға көтерілетін болады. Бұл туралы жұма күні онлайн конференция кезінде денсаулық сақтау вице-министрі Салидат Қайырбекова мәлімдеді.

Оның айтуынша, президенттің 2008 жылдың ақпанындағы жолдауына байланысты 2009 жылғы бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысы 25%-ға, 2010 жылдың сәуірінен тағы 25% және 2011 жылы 30 пайызға өседі. Министрдің пікірінше, елде жалпы ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің негізінде, науқастар жиі баратын дәрігер жоғары жалақы алуы керек.

Медицина қызметкерлерінің еңбекақысын өсіру олардың кәсіби деңгейіне байланысты болады деген министрлік өкілі бұл жағдай осы саланың қызметкерлерінің ұраны болуы керек деді.

Ресми деректерге сүйенсек, 2010 жылы елдегі мемлекеттік қызметкердің орташа айлық жалақысы 82 мың 282 теңге болса, ең жоғары 160 мың теңге жалақыны қаржы және сақтандыру саласының қызметкерлері алады екен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG