Accessibility links

Президент Назарбаев өмірден өткен үзеңгілесі Нидің отбасына көңіл айтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұма күні дүниеден өткен саяси серігі Владимир Нидің отбасына көңіл айтқан жеделхатын жолдады. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі президент кеңсесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Осыған дейін хабарланғандай, «ХОЗУ Корпорациясы» ЖШС-нің бас директоры, Владимир Ни ұзаққа созылған науқастан 78 жасында Швейцария ауруханасында қайтыс болды. Оны жерлеу рәсімі жексенбі күні Алматыда өтеді.

Владимир Ни 1985-1988 жылдар аралығында Қазақ ССР Министрлер кеңесі төрағасының көмекшісі болды. Ал 1990 жылдан бастап ол ұзақ уақыт Қазақстан президенті мен үкіметінің іс басқарушысы болып жұмыс істеді.

Соңғы жылдары Қазақстанда оның есімі интернетте тараған атышулы «телефон тыңдауларына» қатысты жиі айтылатын.
XS
SM
MD
LG