Accessibility links

Иран америкалық әйелді босатуды кейінге қалдырды


Иран америкалық әйелді бостандыққа шығаруды кейінге қалдырып отыр. Теһранның бас прокуроры Аббас Жафари Долатабади АҚШ азаматшасы Сара Шурдты қамаудан сенбі күні шығару сот процестеріне байланысты кейінге қалды деген.

Шурд пен оның екі серіктесі 2009 жылы Ирақ шекарасында ұсталған. Теһран оларды елге заңсыз кіріп, тыңшылық жасады деп айыптаған.

АҚШ билігі америкалық азаматтарының тыңшылық істермен емес, абайсызда аймаққа өтіп кеткенін айтып, оларды босатуға шақырып келген.
XS
SM
MD
LG