Accessibility links

Иранның газ құбырында жарылыс болды


Хабарларға қарағанда, Иранның солтүстігіндегі газ құбырында жарылыс болып, кемінде екі адамның өмірін қиып, ондаған адам жарақат алды.

ИРНА ақпарат агенттігінің ресми өкілдердің сөзіне сілтеме жасап жазуынша, жарылыс Сарахстан Машхадқа газ тасымалдайтын құбыржолында болған. Ресми өкілдің айтуынша, 16 адам ауруханаға жатқызылды.

Жартылай ресми Мехр ақпарат агенттігі болса, экскаватор көлігі абайсызда газ құбырына соғылғаннан жарылыс болды деп хабарлады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG